Рейтинг 2025 жылғы БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (FAO) деректері негізінде жасалған, деп хабарлайды Egemen.kz
Көшбасшылар қатарында, күткендей, айқын басымдықпен Ресей тұр. Елдегі орман аумағы шамамен 833 млн гектар деп бағаланады. Бұл – жер шарындағы жалпы орман жамылғысының (шамамен 4,1 млрд гектар) шамамен бестен бір бөлігі.
Екінші орында 486 млн гектар орман аумағымен Бразилия тұр.Үздік үштікті оның 369 млн гектар шамасында орман қоры бар Канада түйіндейді. Одан кейін АҚШ, Қытай, Конго, Австралия, Индонезия, Индия Ангола мемлекеті жайғасқан.
Осы аралықта жаһандық инновациялар индексінің рейтингі де белеглі болды. Аталған рейтингте Қазақстан Өзбекстаннан кейін 81-ші орында тұрақтаған.
Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (WIPO) Global Innovation Index (GII) – Жаһандық инновациялар индексін 80-нен астам көрсеткіш негізінде әзірлеген.
Олардың қатарына институционалдық факторлар, адам капиталының даму деңгейі, бизнестің инновациялық белсенділігі, цифрландыру, инфрақұрылым, шығармашылық әлеует пен жаңашылдықтың күрделілігі, сондай-ақ бизнес пен нарықтардың даму деңгейі кіреді.